Тамаша жыл - The Big Year

Тамаша жыл - The Big Year


Latest Episodes

Эпизод #19. Бәрін қайтадан бастаймыз ба?
February 26, 2017

Білесіз бе, өткен апта сәл ауырлау болды. Басыма көп ойлар келіп, көп мазалап кетті, ойым көп бөлінді;  қысқасы көп уайымдап кеттім. “Жұрт жеті ағайынды” деген сияқты, бір бірімен жапсарласып, түрлі  оқиғалар менің аптамды әдемі етпеді.

Эпизод #18. Мотивацияны арттырудың тамаша жолдары
February 22, 2017

Көктемнің басталуына санаулы күндер ғана қалды. Қандай тамаша! Бірақ күнделікті өмірдің қу тіршілігімен жылдың басында қойған мақсаттарыңыз шаң басып, архивте қалып қалмады?! Шаршап, ынтаңыз төмендеп қалмасын деп мотивацияны арттыруға көмектесетін бірн...

Эпизод #17. Тағы да ертеңге ысырып қойғыңыз келе ме?
February 20, 2017

Ең жиі кездесетін мәселелердің бірі — прокрастинация, жұмысты кейінге шегеру. Біз өзіміздің не істегіміз келетінін және дәл қазір не істеу керек екендігімізді білеміз.  Алайда біле тұра оңайырақ жұмыстарды бітіре тұрамыз немесе интернет, блогтар,

Эпизод #16. Қорқыныш. Батырлық. Өзіңе сенімділік.
February 18, 2017

Нағыз батырлық қорқыныштың жоқтығы емес, ол оған қарамастан алға қарай жүру. Батырлық — өзіңнің ішкі шайқасың, оның жеңуің және одан күштірек, ақылдырақ бола түсуің.  Ал өзіңе сенімділік содан кейін пайда болады.

Эпизод #15. Істі соңғы күніне дейін созуды қалай доғарамыз?
February 14, 2017

Ой, бұл енді менің сүйікті эпизодым. Ұзақ уақыт осы дилемма туралы ойланып жүрген болатынмын. Сөйтсем, баяғыда 1955 жылдары Паркинсон деген ағылшын мырза өзінше жауабын тауыпты ғой. Қазір біз оны Паркинсон заңы деп атаймыз.

Эпизод #14. 2017: Мен үшін тамаша жыл бол!
February 12, 2017

Төртінші аптаның алғашқы эпизодына қош келдіңіздер! Бірігіп біразға дейін келіп қалыппыз. Сондай қуаныштымын. Бұл аптада подкастты бастауға арқау еткен “Тамаша жыл” концепциясына қайта ораламыз. Ең басында келіскеніміздей  2017 жыл біз үшін тамаша жыл ...

Эпизод #13. Қайырымды болудың “оңай” әрі тез жолдары
February 10, 2017

Егер сіз өзіңізді супермен не суперумен болып сезініп тұрсаңыз, әлемді құтқарудың оңай жолдары бар. Оған апатты жағдайды немесе басқа ғаламшарлықтардың шабуылын күтудің керегі жоқ. Шын айтамын. Осы тұрған жерімізде,

Эпизод #12. Good morning – Идеалды таң!
February 09, 2017

Қайырлы таң! Әрбір таң – әдемі таң! Әрбір жылы, әрбір өзімді өзгертем деген гранд жоспарларды құрып бастағандағы тізімге енетін ең бірінші пунктім – ерте тұру. Кейде ұзақ уақыт аралығында ерте тұрып, үлгілі қыз болып жүремін.

Эпизод #11. Be yourself – Өзің бол
February 08, 2017

Мен өз өміріме тәжірибе жасап көрдім. Шынын айтқанда өзгеремін деп жасалаған өзгеріс қой. Алайда, реформам сәтсіз болып, оны қазір “тәжірибе” деп қана айтуға тура келіп тұр.

Эпизод #10. Сіздің өмірімде болғаныңызға рахмет!
February 02, 2017

Осы біз қайда асығамыз? Бітпейтін істер, шешімі күтпес мәселелер, жауабы бітпес сұрақтар. Алайда кейде бәрін тоқтатып қойып, басқа планетаға ауысып кеткің келеді. Қалжыңдаймын, біздің ғаламшар ғой ең жақсысы.