Тамаша жыл - The Big Year

Тамаша жыл - The Big Year


Latest Episodes

Эпизод #9. No Exceptions- Сылтауларға жол жоқ!
February 01, 2017

Бүгін мен соңғы кездерде маған көп көмектесіп жүрген стратегияммен бөлісемін. Бұл – менің 21 күн дұрыс тамақтану режимі немесе үздіксіз спортпен айналысу сияқты күнделікті өмірдегі challenge-дарыма (тәжірибелеріме) от пен қуат беруші стратегиям.

Эпизод #8. Көңіл күйді жылдам көтерудің жолдары
January 31, 2017

Күнделікті өмірдің шаруаларымен, стресспен еңсеміз түсіп, көңіл күйіміз көтерілмей қалып жатады. Алайда суға кеткен қайықпен бірге батып, оған жылаудың еш керегі жоқ. Біздің подкасттың тыңдармандары батыр, өз эмоцияларын бақылауда ұстай алады деп үмітт...

Эпизод #7. Су: не үшін су көп ішу керек?
January 30, 2017

Күнделікті өмірде суды көп ішу керек деп естиміз. Бірақ шынымен судың қаншалықты маңызды екендігі жайлы білеміз бе? Судың ағзамызға нақты қандай пайдасы бар? Су ішуді күнделікті өмірге қалай енгізуге болады?

Эпизод #6. Адам есімдерін қалай тез жаттауға болады?
January 29, 2017

Менің подкаст сапарымның екінші аптасына қош келдіңіз! Менімен бірге болып, қолдап жүрген баршаңызға көп рахмет! Әрбір апта – мен үшін өткен аптадағы подкастымнан күштірек подкаст жасауға мүмкіндік! Бұл подкастта адам есімдерін ұмытпай,

Эпизод #5. Бүгін ең қолайлы, тамаша күн!
January 26, 2017

“Бұрынан бері мен осы істі бастағанымда қалай дамып кетер еді?!”, “Неге сәл ертерек ойланбадым екен? Сонда бәрі басқаша болар еді” деп ойланып көрген боларсыз. Шынымен де, егер үш жыл бұрын бастағаныңызда қазір қандай нәтижеге жетер едіңіз, иә?

Эпизод #4. Күмән мен белгісіздік – қалыпты жағдай
January 25, 2017

  Егер өзіңіз іздеген сұрақтың жауабы, ойыңыздағы түйткілдің шешімі табылмай жатса уайымдамаңыз! Күмән мен белгісіздік – қалыпты жағдай. Ең алдымен бұл әлемде нақты деген белгілілік бар ма өзі? Барлық істі өз орнына келтіріп,

Эпизод #3. Сәтсіздіктер – сәттілік біз үшін
January 24, 2017

Көпшілігіміз сәтсіздіктерден қашамыз, қорқамыз. Өткен шақтағы сәтсіз істерді қынжылмен еске аламыз. Ал болмаған оқиғалардың теріс нәтижесінен, алдын ала сәтсіз бола ма деген күдігінен ақ қара түсті өмір сүруімізді жалғастыра береміз.

Эпизод #2. Сыртқы әлем ішкі проблемаларды шеше алмайды
January 23, 2017

Кейде күнделікті өміріңнен, болып жатқан оқиғалардан қашып кеткің келеді. Егер жер ауыстырсаң, жаңа жұмыс тапсаң бәрі өзгеріп кететіндей көрінеді. Ағылшындар көшенің екінші жағындағы шөп те жасылырақ деп айтатындай, ол жақта бәрі басқаша,

Эпизод #1. Қош келдіңіз.
January 19, 2017

Қайырлы күн! Менің подкастымның ең алғашқы эпизодына қош келдіңіз! Мен үшін бұл тамаша күн, тамаша мүмкіндік. Осыған дейін Youtube-та жүгіру туралы видеолар түсіргеннен кейін көптеген жақсы комменттер естідім.

...
11