Тамаша жыл - The Big Year

Тамаша жыл - The Big Year


#106. Мадина Қарсақпаева: инклюзивті білім жайлы

December 12, 2020

Мадина Карсакпаева инклюзия саласының сарапшысы, маманы. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәрдем беретін түрлі коммерциялық емес ұйымдарда ағылшын және компьютерлік сауаттылықты үйрету бойынша ерікті, волонтер болып жұмыс істеген.Сонымен қатар, ол Алматы қаласында ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істеу жөніндегі үйлестіруші болып та қызмет атқарған. Қазақстандағы Британ кеңесінде тең мүмкіндіктер мен әртүрлілік саясаты бойынша үйлестірушісі, осы бағытта да ЮНИСЕФ-тің Будапештегі жобасына да қатыстқан.Алдында пайда болған қиындықтарға қарамастан, Мадина өзіне керекті тәжірибені, білімді ала білген. Мадинаның жалпы өмірлік ұстанымдары, жекелеген ақпаратттар қызықты болса, әріптес подкасттардан да тыңдай аласыз. Ал бүгінгі эпизодта біз оның білім алу тәжірибесі мен жалпы инклюзивті білім саласының дамуын талқылаймыз.Уақыт кодтары:00:00 - Қонақты таныстыру02:33 - 20 жыл бұрын бакалавриатқа түскенде, университеттер дайын емес болды: сырттай оқыдым.03:05 - Отбасым ағылшын тіліне деген құштарлығымды ерте байқады04:44 - Бакалавр дипломы ол кезде маған ол жетістік болып көрінді06:29 - Эразмус Мундус бағдарламасымен оқуға түскен, ерекше қажеттілігі бар қазақстандық алғашқы студент болдым.09:30 - Европадағы оқу орындарының инфрақұрылымы10:34 - Европалық университет барлығын алдын ала ұйымдастырды11:23 - Лондонға келгендегі алғашқы күндер. Адаптация12:16 - Норвегиядағы Осло университетіндегі тәжірибе14:44 - Адам баласы әртүрлі болады, оны қабылдауымыз керек17:10 - Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың 5%-ның ғана ЖОО білімі бар18:00 - Университеттердегі ресурстық орталықтар18:52- Пандемия жағдайында мүмкіндігі шектеулі жандарға білім беру22:24 - Инклюзия тәрбиемен келеді23:24 - АҚШ та оқып жұргенде де ресурстық орталықтар жайлы зерттедім25:31 - Студентке бағытталған білім жүйесі26:35 - Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғайтын ұйымдар жайлы28:27 - Қарапайым азамат ретінде инклюзияны қалай дамыта аламыз?33:06 - Адам өз өзін қабылдауды үйренуі керек34:12 - Біздің әртүрлі болуымыз бізді алға дамытады34:50 - Жоспарларыңыз қандай?38:06 - Ата-анама алғыс айтамын