Тамаша жыл - The Big Year

Тамаша жыл - The Big Year


#105. Жадыра Кеңесбек: көп тіл білуім көп мүмкіндіктер сыйлады

December 01, 2020

Бүгін біз көп тіл білу, үйрену тақырыбын жалғастырамыз. Бүгінгі біздің қонағымыз - Жадыра Кеңесбек. Жадыра да дәл алдыңғы қонағымыз тәрізді бірнеше тілді жетік меңгерген, онымен қоса оның негізгі маманданған саласы: физика. Инстаграмдағы аккаунты: @jadyra.kenesbekЖадыра ағылшын, қытай, араб, түрік, қазақ және орыс тілдерін біледі. Қазіргі таңда Гонконгте физика мамандығы бойынша докторантурада оқиды, оған дейін ҚазҰУ-де білім алған. Жадырамен қараша айының басында тауда таныстық. Оның бірнеше тілді білетіні, тілді қалай хобби ретінде қосымша дамытып жүргені мені өте қызықтырды. Ең қызығы, пандемия кезінде Жадыраның Қытайдағы лабораториясы уақытша жабылғаннан кейін, Жадыра елге оралып, қытай-ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен айналысуда. Синхронды аударма деген сөзді естігенде менің басым айналып, ауырып кетеді. Бұл -белгілі бір кәсібиліктің биігіндей. Бүгін осы тамаша қыздан интервью аламыз.Уақыт тэгтері:00:26 - Жадыра қандай тілдерді біледі?01:15 - Жадыра жайлы жалпы ақпарат02:09 - Өзімді тіл үйренуші энтузиаст деп білемін02:23- Араб тілін медреседе үйрендім03:22 - Түрік тілін мектепте тарих, география пәндеріне қызығу арқылы үйрендім04:27 - Қытай тілін үйренуім кездейсоқ, қызық оқиғадан басталды07:10 - Қытай тілін кейін докторантурада оқып жүргенде жетілдірдім08:10 - Профессорымнан қытай тілін үйрену үшін 2-3 сағатқа босатуын сұрадым09:22 - Тілге, сол елдің мәдениетіне деген үлкен қызуғышылық керек10:15 - Үйренетін жақсы кітап керек10:53- Тіл үйренуді аз болса да, күнделікті тұрақты әдетке айналдыру керек12:30- Тілдің бір пайдасы - білім алу мүмкіндігі13:02 - Тіл білу пандемия  кезінде маған жаңа кәсіппен айналысуға мүмкіндік берді15:45- Синхронды аударма кезіндегі күтпеген оқиғалар20:03- Тілді үйренуді тыңдаудан бастаймын21:11 - Ешқашан аудармау керек: күнделікті қолданылатын сөздерді үйренемін22:15 - Біздің миымызы маңызды емес деп санайтын ақпаратты ұмытуға бейім23:11 - Грамматиканы соңына қарай үйренемін24:08 - Адам өз өмірінде миға байланысты бір кітап оқу керек24:17 - Space Repetition әдісі25:39 - Дыбыстарға үйрену, дыбыстармен үйрену26:54- Тәжірибемен контексттен түсіне бастайсыз28:22 - Тіл білу арқылы саяхаттаудың артықшылықтары29:24 - Неліктен Қытайға саяхат қызықтырды?31:34 - Гонкогта білім алу қаншалықты сізді өзгертті?32:18 - Қолыңнан келмесе, оған уайымдама34:16 - Дағдарыс: жаңа мүмкіндіктер37:53 - Жақында француз тілін үйренуді бастадым40:05 - Араб тілінің өміріңіздегі орны40:58 - Әр тілде әр түрлі адамсыз ба?42:30 - Адамдарды түсіну оңайлай түседі44:05 - Тіл білу қартаюды тежейді44:50 - Әлі талай тіл үйренгім келеді