Тамаша жыл - The Big Year

Тамаша жыл - The Big Year


#103. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік таным

November 19, 2020

Біз "Тамаша жыл" кітап клубының қазан айындағы таңдауы Эллиот Аронсонның "Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психология" кітабының 4-тарауын сіздермен бірге талдамақшымыз. Бұл эпизодты басынан соңына дейін Швейцариядағы Цюрих университетінің әлеуметтік антропология бойынша докторанты Индира Алибаева жүргізеді. Әлеуметтік таным - бұл біздің басқа адамдар мен әртүрлі әлеуметтік жағдайлар туралы қалай ойлайтынымыз, бұл ақпаратты қалай сақтап, қолданатынымызды зерттейтін әлеуметтік психологияның бөлімі.Уақыт коды: 1:00 - Индираның диссертациясы. Адамның этностық ерекшелігі оның өміріне қалай әсер етеді?2:28 - Орта ғасырдағы және қазіргі стереотиптер3:45 - Әлемді қалай түсінеміз?4:10 - Түсініксіз заттарды қалайда түсінікті етуге тырысамыз5:27 - Адам белгілі бір ерекшеліктерімен туылады және тәрбие/қоршаған орта қосымша реңк береді9:18 - Адамның миы жылдам реакция береді: сөйтіп стереотип туындайды12:09 - Үйреншікті емес жағдайларда орын алатын ойлау жүйесі13:34 - 100%  дәлелденбеген ақпаратқа неге сенеміз? 14:35 - Адамдар үнемі басқа адамдар туралы ойлайды, олардың ойлары қызық; құбылыстардан, заттардан адамның бейнесін іздейміз16:00 - Адамдарды жіктеу: "өзіміз" vs "бөтен"18:40 - Адамның пікіріне әсер ететін сыртқы факторлар. Әлеуметтік контекст19:00 - Бағалау салыстырмалы контексте жүреді20:00 - Санамыздағы схемалар, модельдер