Тамаша жыл - The Big Year

Тамаша жыл - The Big Year


#102. Көпке ұмтылған жалғыз: Үгіт-насихат. Агрессия мен жақсы көру

November 16, 2020

"Тамаша жыл" кітап клубының тамаша мүшелерімен бірге қазан айында Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның Social Animal кітабының қазақшаға аударылған нұсқасын оқыдық. Оқулықтың қазақша атауы – «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе». Бүгін осы кітаптан өзімізге алған, түсінген ойлармен бөлісетін боламыз. Ыңғайлылық үшін әрбірімізге кітаптың бір тарауы берілген болатын. Біз талдаған тараулар:3. Бұқаралық коммуникация: үгіт-насихат және иландыру6. Адамға тән агрессия8. Ұнату, жақсы көру және тұлғааралық сезімКелесі эпизодта әлеуметтік антрополог Индира "Әлеуметтік таным" тарауын талдап, өзінің түсінгендерімен бөлісетін болады.