Тамаша жыл - The Big Year
#54. Welcome back: демалыстың пайдасы, күлкі терапиясы
Ал, сәлеметсіздер ме тағы да. Подкасттың оралатын уақыты да жетті, әйтпесе біраз уақыттан кейін жазуға ерініп кетермін. Бұл шығарылым — менің бұрынғы эпизодтарымның анти-нұсқасы. Неге дейсіз бе, себебі адам тиімді жұмыс істеу үшін орынды демала да білуі керек деп ойлаймын. Сондықтан бүгін біз демалыстың пайдасы жайлы сөз қозғаймыз.