Тамаша жыл - The Big Year
Эпизод #24. Оян да, жүгір!
Жүгіру- физикалық жаттығулардың «төресі». Себебі ол шыдамдылықты арттырады, бұлшықеттерге оң әсер етеді, денедегі майды азайтады, жүрек-қан тамырлары жүйесінің саулығын арттырып, көңіл күйімізді көтереді. Бүған дұрыс тамақ режимі мен күшке арналған жаттығуларды қоссақ тіпті керемет, идеалды өмір болады. Сол арқылы біз физикалық және психологиялық денсаулығымызды жақсартып, бір қалыпты етіп отыра аламыз. Ояныңыз да жүгіріңіз!