Тамаша жыл - The Big Year
Эпизод #21. Жаныңыздағылардан үлкен үміт күтіңіз немесе Пигмалион әсері
Психологияда Пигмалион әсері деген түсінік бар. Пигмалион әсері бойынша жаныңыздағылардың сізден күтетіні мен үміті сіздің қандай жетістікке жететініңізді анықтайды. Бұл әсерді Розенталь мен Джейкобсон деген американ зерттеушісі грек аңызындағы Пигмалионның атымен атаған. Скульптор өзі жасаған мүсінге ессіз ғашық болады да, аңыз бойынша құдай оның мүсініне жан бітіреді. Сонау алпысыншы жылдары Розенталь мен Джейкобсон мектепте тәжірибе […]